Mudarabah Capital ісі бойынша вайнерлер сотқа шағым түсірді / Фото: kursiv.media
Mudarabah Capital ісі бойынша сотталған вайнерлер – Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов аппеляциялық сотқа шағым түсірді. Бұл ақпаратты Алматы сотының баспасөз қызметі растады.
«Іс апелляциялық сатыда қаралып жатыр», – делінген баспасөз қызметінің «Курсив» тілшісіне берген жауабында.
Аппеляциялық шағымның нақты кімнен түскені де белгілі болды. Мейіржан Төребаевтың адвокаты Жанна Оразбақова өз қорғалушысының аппеляциялық шағым түсіргенін растаған.
Естеріңізге салайық, 2022 жылғы 20 сәуірде вайнер Мейіржан Төребаев пен Мейірхан Шерниязов Mudarabah Capital қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық іс бойынша қамауға алынды. Тергеу барысында вайнерлердің қаржы пирамидасын жарнамалап қана қоймай, орта...