Ресей нарығында жұмыртқа тапшы. Соған орай Ресей тарапы Қазақстаннан жұмыртқа жеткізіп беруді сұрады. Бұл жайлы Үкімет үйінде өткен екі ел өкілдерінің онлайн кездесуінде айтылды.
Жиын барысында Қазақстан мен Ресей Премьер-Министрлерінің орынбасарлары Серік Жұманғарин мен Алексей Оверчук екіжақты сауданың өзекті мәселелерін, әсіресе, Ресей-Беларусь шекарасында қазақстандық тасымалдаушыларды өткізу мәселесін талқылаған.
Белгілі болғандай, 2023 жылдың 12 желтоқсанында Ресей мен Беларусь азаматтарынан өзге азаматтарға «Рудня» өткізу бекетіндегі өткел толығымен жабылған. Ал 2024 жылдың 8 қаңтарында дәл осындай шектеулер қалған екі «Қызыл» және «Қызыл тас» өткізу бекеттерінде енгізілген.
Бүгінгі таңда Ресей тарапы Ресей-Беларусь шекарасындағы жағдайды реттеуге көмектесіп, басқа өткізу пункті арқылы жүк...