Мorgan Stanley бұрынғы басшыларының бірі Паван Пассиге де 250 млн доллар айыппұл салынған / Фото: kursiv.media
Мorgan Stanley құпия ақпаратты жария еткені үшін 249 миллион доллардан астам қаражат төлейді.
Америкалық Morgan Stanley банкі 249 миллион доллардан астам қаражатты алаяқтық және «ақпараттық кедергілердің» болмағаны үшін төлейді. АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясы осындай шешім шығарған. Комиссия банкті акциялардың ірі пакеттерін сату туралы құпия ақпаратты ашты деп айыптайды.
«Акция сатушылары Morgan Stanley-ге алдағы блоктық сауда операциялары туралы айтарлықтай маңызды әрі жария етуге жатпайтын ақпаратты беріп, банк оны құпия сақтайды деген үмітпен тапсырады», – дед...