Ақмола, Ақтөбе, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа райының қолайсыздығынан трассалар жабылды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».
Не болды. 4 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 14 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.
Көлік қозғалысы қайда жерлерде жабылды
Ақмола облысында
1. «Қостанай-Әулиекөл-Сұрған» 232-260 км,
2. «Жезқазған-Петропавловск» 537-552 км
3. «Жақсы-Есіл-Бұзылық» 70-82 км
Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін енгізілді.
(Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты)
Ақтөбе облысында
1. «Ақтөбе-Атырау-Астрахань» 97-185 км, Қандыағаш қ.-Шұбар а. – 88 км.
Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады.
(бұрқасын, шектеулі көрініс)
2. «Қарабұтақ-Комсомольское-Денисовка-Рудный-Қостанай» 89-234 км, Т.Жургенов а.-Қостанай обл. – 145 км.
Шектеу жүк және қоғамдық көлік түрлері үшін енгізілді.
(Қостанай облысында ауа райының қолайсыздығына...