Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров казимемлекеттік компаниялардың сыртқы қарызының шекті мөлшерін бекітті. Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде министрлік қаулысы жарияланған.
Қаулыға сәйкес, биыл «Самұрық-Қазына» сырттан 5,7 трлн теңге немесе 12,5 млрд доллар, ал «Бәйтерек» 2,3 трлн теңге немесе 5,04 млрд доллардан артық қарыз ала алмайды. Доллар курсы 460 теңге деп бекітілген.
Қаулы жарияланғаннан кейін, 10 күн өткесін ресми күшіне енеді. Оның орындалуын Ұлттық экономика вице-министрі Азамат Әмрин қадағалауға тиіс.
Бғған дейін Үкімет «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры мен «Бәйтерек» холдингі сыртқы борышының шекті көлемін бекітуді жоспарлап отырғанын хабарлағанбыз.
2015–2016 жылдардағы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қорының борыштық дағдарысынан кейін, Үкімет...