«ҚазМұнайГаз» еншілес компаниясы Атырау мұнай өңдеу зауытының бас директоры лауазымына Ғалымжан Жусанбаев тағайындалды.
«Ғалымжан Жусанбаев «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС бас директоры болып тағайындалды», — делінген ҚМГ хабарламасында.
Жусанбаев 2005 жылы «ТЭК-Алматы» компаниясы мен «Қазақстан темір Жолы» ұлттық компаниясында мұнай өнімдері және көмір жеткізумен айналысты. Ал «ТЭК-Алматы» компаниясы Тимур Құлыбаевқа тиесілі компаниялардың қатарына кірді. «ТЭК-Алматы» 2001 жылы ҚТЖ-дан 91,8 млн теңгеге отын қоймаларын сатып алды. Кейін «ТЭК-Астана» және «ТЭК-Батыс» компанияларымен бірігіп, «ТЭК-Қазақстан» атауын алды. Ал 2023 жылы осы компанияға тиесілі отын қоймаларын ҚТЖ-ға қайтару туралы сот шешімі шықты.
Сонымен қатар Жусанбаев SAT Operating Atyrau мұнай-химия зауытының директоры, «Шымкент Мұнай Өнімдері» компаниясының директоры болып, Petro Export компаниясында жұмыс істеді.
Compra мәліметіне сүйенсек, жаңа қызметке келмес бұрын Жусанбаев SAT Operating...