Мобильді аударым арқылы төленген такси қызметінің ақысы такси жүргізушісінің емес, әйелінің картасына түсетін болса, оператор тарапынан шара қолданылып, таксистің рейтингі төмендеуі салдарынан тапсырысы азаюы мүмкін.
Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында: «Мобильді аударым арқылы аударылған такси қызметінің ақысы такси жүргізушісі әйелінің картасына түссе, салықты кім төлейді?», – деген сұраққа да жауап берді.
«Мұндай жағдай жиі тіркеліп жатыр. Операторлар тарапынан такси жүргізушілерінің рейтингі төмендеуі мүмкін. Олардың тапсырысы азаюы ықтимал. Сондықтан олар заң аясында жұмыс істеуі керек деп ойлаймын», – деді Қаржы вице-министрі.
Ержан Біржанов такси жүргізушілерге арналған арнайы салық режимі бар екенін атап...