АҚШ қор нарығындағы алғашқы сауда аптасы әлсіз болды. Алайда бұл бүкіл 2024 жыл қиын болады деген сөз емес. Инвесторлар акцияларды кері сатып алу АҚШ қор нарығын сақтап қалады деген үмітте. Өткен демалыс күндері әлемдік БАҚ осы және басқа да тақырыптарды қозғады.
Жыл басындағы әлсіз сауда 2024 жылы жағдай нашар болады дегенді білдірмейді
Жыл басынан бері S&P 500 индексі 2022 жылғы 3 қаңтардағы рекордтық көрсеткішімен салыстырғанда, 2% төмендеді, алайда 2022 жылдың қазан айындағы ең төменгі деңгейден 31,3 жоғары. Инвесторлардың көңіл-күйіне АҚШ-тың өткен аптада жариялаған жұмыспен қамту есебі, сондай-ақ ФРЖ ақша-несие саясатын жеңілдету мерзіміне қатысты нарықтағы белгісіздік әсер етт...