Қазақстанда Украиналық миллионер Вадым Машуровқа Sincere System Group (S-Group) қаржы пирамидасы туралы іс бойынша іздеу жарияланды. Оған байланысты ақпарат құқықтық статистика органдарының порталында пайда болды. Украиналық БАҚ- тың хабарлауынша, ол Instagram желісінде Instime және s-Group инвестициялық платформасын құрған.
Машуров деген кім. Бірқатар украиналық бұқаралық ақпарат құралдарының ақпаратына сәйкес, Вадым Машуров — украиналық кәсіпкер және елдегі IT-бизнестің ең табысты өкілдерінің бірі. Ол Instime жобасын қалаушы. Бұл жоба » жарты жылдың ішінде жүзден астам елге таралды және оның капиталдандырылуы миллиондаған доллармен өлшенеді». 2020 жылдың қыркүйегінде Instime-ді қытайлық China Convergence Fund инвестициялық компаниясы сатып алғаны белгілі болды.
Машуров сонымен қатар S-group және SS-group...