Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Мәжіліс депутаты Ермұрат Бәпидің «Тарбағатай Мұнай» компаниясын қосымша салық пен айыппұл төлеуден босату туралы ұсынысын құптамады.
Әлихан Смайылов Мемлекеттік кірістер комитеті «Тарбағатай Мұнай» ЖШС-ға қытайлық компанияға газды әлемдік бағадан төмен бағамен сатқаны үшін қосымша салық есептегенін мәлімдеді.
Атап көрсетерлігі, «Тарбағатай Мұнай» ЖШС мен қытайлық компанияның өзара байланысы болған.
Үкімет басшысының айтуынша, сот 2023 жылғы 19 қазанда салық берешегін өндіріп алу рәсімін тоқтатты. Салық төлеушіге салық органымен келісіп, оңалту жоспары мен қарызды қайтарудың жаңа кестесін әзірлеуге уақыт берді.
«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық төлеуші өзінің салық міндеттемелерін сақтауға міндетті, ал салық агенті салықтарды толық көлемде және белгіленген...