Абай облысының оқушылары қалың қар мен боранға байланысты қашықтан оқытуға көшірілді / Фото: kursiv.media
Астана оқушылары 12 қаңтарда ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқытуға көшірілді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Астана қалалық білім басқармасының шешімімен ауа райының нашарлауына байланысты бірінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары 12 қаңтарда қашықтықтан оқыту форматына көшірілген. Астанада ауа температурасы -25 градусқа дейін төмендеген.
Сонымен бірге ауа райының қолайсыздығына байланысты Абай облысының бірнеше мектебі онлайн оқуға көшірілген. Бұл жайлы әкімдіктің баспасөз қызметі хабаралады.
«Абай облысында 2024 жылғы 12 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты I ауысымда оқитын...