Фото: Андрей Любимов/РБК/ТАСС
СПБ биржа бұғатталған активтерді Путиннің бұйрығымен айырбастауға дайындықты бастаған. «РБК Инвестиция» сайтының хабарлауынша, Санкт-Петербург биржасы брокерлерге саудадан тыс бөлімдер арасында бағалы қағаздарды айырбастауға салынған тыйымды алып тастайтынын ескерткен. Бұл ресейліктер мен шетелдіктер арасында тыйым салынған активтерді айырбастау механизмін іске қосуға мүмкіндік береді.
СПБ биржа Ресей президенті Владимир Путиннің № 844 жарлығына сәйкес, ресейлік инвесторлардың бұғатталған активтерін айырбастайды. Қаулы бойынша, бейрезиденттер реейліктерден бағалы қағаздарды С типті есепшоттағы қаржыға сатып ала алады.
Айырбасталатын бағалы қағаздардың жалпы құны бір инвесторға ₽100 мыңнан аспауы керек. Биржаға қатысу ресейлік жеке инвесторлар тарапынан да, резидент еместер тарапынан да ерікті болады. Бұл...