Фото: kursiv.media
«Бәйтерек» Ұлттық басқарушы холдингінің басшылық құрамы өзгерді. Бұған дейін холдингтің басқарушы директоры қызметін атқарған Вячеслав Сон басқарма төрағасының орынбасары болып сайланды. Бұл туралы холдингтің қор биржасына жолдаған ақпаратында жазылған.
Қазір «Бәйтеректің» басқарма құрамы 6 адамнан тұрады. Холдинтің басқарма төрағасы – Нұрлан Байбазаров. Вячеслав Сон мырзадан бөлек, басқарма құрамында Ұлттық статистика бюросының бұрынғы басшысы Нұрболат Айдапкелов, Qazaqstan Investment Corporation директорлар кеңесінің төрағасы Әділ Мұхамеджанов, «Қазақстандық тұрғын үй компаниясы» АҚ директорлар кеңесінің басшысы Ерсайын Хамитов және басқарма төрағасының орынбасары Үсен Ғалым бар.
Қазан айының басында Нұрлан Байбазаров қазіргі Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаевтың орнына тағайындалған еді. Оны...