Дубайда өтіп жатқан Климат жөніндегі дүниежүзілік саммитте құны 4,5 млрд доллардан асатын 3 ГВт-тық жел электр станцияларының құрылысына қатысты келісімге қол қойылды. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов мәлімдеді.
«Бүгін Мемлекет басшысының Дубайға сапары аясында Климаттың өзгеруі жөніндегі дүниежүзілік СОР28 саммитінің алаңында француздардың TotalEnergies, Сауд Арабиясының ACWA Power және Біріккен Араб Әмірліктерінің Masdar компанияларымен бірқатар келісімдерге қол қойылды. Осы келісімдер аясында Қазақстанда 3 ГВт-тық жаңартылатын энергия көзі пайда болады. Яғни 3 ГВт-тық жел электр станциялары салынады. 1,5 ГВт – Жамбыл облысында, 1 ГВт – Жетісу облысына, 0,5 ГВт – Қостанай немесе Ақмола...