Алатау қаласы 4 аймақтан тұрады / Фото құжаттан алынды
Алматы облысының Алатау қаласының бас жоспары әзірленді. Жобаланатын аумақты ұзақ мерзімді кешенді дамытуды айқындайтын негізгі қала құрылысы құжаты «Ашық НҚА» порталына талқылауға шығарылды.
Алатау қаласын дамыту қандай мерзімде жүзеге асырылады?
Бас жоспарға сәйкес қаланы жобалау 4 кезеңге бөлінген.
бастапқы жыл – 2022 жыл; бірінші кезек – 2030 жыл; аралық кезең – 2040 жыл; есептік кезең – 2050 жыл.Алатау Алматы қаласының солтүстігіне қарай орналасады. Бұл орын Алматы қаласын «Қорғас» халықаралық шекара маңы ынтымақтастық орталығымен (Қытай) байланыстыратын маңызды дәліз саналады. Сонымен бірге А3 (Алматы – Қонаев) автомагистралі бойында орналасқан...