Қазақстанда жыл сайын 37 мың адамнан онкологиялық ауру анықталады. Кейінгі 20 жылда өлім-жітім деңгейі 33%-ға төмендегеніне қарамастан, қатерлі ісік жыл сайын 13 мыңнан аса адамның өмірін жалмайды.
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында осы мәселе қаралып, елімізде онкологиялық көмек көрсетуді күшейту жоспарланып отыр.
Онкологиялық аурулармен ауыратын науқастардың жартысынан көбі еңбекке жарамды жастар.
«Мұндай көрсеткіштердің басты себебі – ауруды кеш анықтау. Сізде ең жаңа жабдықтар мен дәрі-дәрмектер, заманауи ауруханалар болуы мүмкін, бірақ ауруды ерте сатысында анықтай алатын жоғары білікті мамандар қажет. Сондай-ақ үнемі профилактикалық жұмыстар жүргізу қажет», — деп атап...