Фото: kursiv.media
Банк ЦентрКредит қазақстандық нарық үшін бірегей индекстік пайыздық своп мәмілесі аяқталғанын хабарлады. Тиісті хабарлама Қазақстан қор биржасының (KASE) сайтында жарияланған.
Банктің контрагенті – Еуропалық қайта құру және даму банкі. Бұл жерде әңгіме overnight index swap (OIS) жайлы болып отыр. OIS – овернайт мөлшерлемесі белгіленген пайыздық мөлшерлемеге айырбасталатын своп.
Мұндай мәміле қос тарап арасындағы ортақ базалық сомаға байланысты төлемдерді айырбастау үшін қолданылады: біреуі осы сома бойынша тіркелген мөлшерлеме, екіншісі, белгілі бір көрсеткішке байланысты өзгермелі мөлшерлеме төлейді.
Пайыздық мөлшерлеменің свопы арқылы қос арап өздері таңдаған мөлшерлеме контрагенттікінен төмен болады деп үміттеніп, міндеттемелерге қызмет көрсету бойынша өз шығынын оңтайландыруға...