АҚШ орталық қолбасшылығы Иранға қарсы әскери операция барысында америкалық үш сарбаз қаза тапқанын мәлімдеді. Тағы бес жауынгер жараланған.
«Бірнешеуінің жарықшақ тию, ми шайқалу секілді болмашы жарақаты бар. Олар әскери қызметін атқаруға қайта оралады», – делінген қолбасшылық есебінде. Мәліметті Bloomberg агенттігі таратты.
Жауынгерлердің үшеуі де 1 наурыз, жексенбі күні қаза тапқан. Қолбасшылық олардың өліміне қатысты қосымша мәлімет беруден бас тартты.
Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды бомбалау бір аптаға, Тегеранның беті қайтқанша созылатынын ескерткен.
Иран АҚШ пен оның өңірдегі одақтастарының базаларын зымырандармен, дрондармен атқылап жатыр. БАӘ, Қатар, Кувейт және Сауд Арабиясы...