Армения Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Армен Григорян республиканың ҰҚШҰ-ға мүшелігі белгілі бір қиындықтар туындататынын мәлімдеді.
«Арменияның ҰҚШҰ-ға мүшелігі, әрине, белгілі бір қиындықтар тудырады, бірақ біздің басқа елдермен ынтымақтастығымызды шектемейді. Біз Батыс серіктестерімізбен қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты нығайту бағытында қарқынды жұмыс істейміз және осы жұмысты жалғастырамыз», – деді Григорян Армян қоғамдық телеарнасында.
Оның айтуынша, «2020 жылдан бастап ҰҚШҰ-ның Арменияға көмектесткені туралы нақты мысал табу қиын болады».
«2020 жылдан бастап Әзірбайжан Арменияға үш рет ауқымды шабуыл жасады, осы кезде ҰҚШҰ Арменияға ешбір көмек көрсеткен жоқ», – деді ол.
Дегенмен, Григорян Армения бұл бағытта лайықты балама табылғанын атап өтті – «мысалы, Еуропалық Одақтың мониторингтік миссиясы».