2023 жылы 1 маусымда «KMG PetroChem» ЖШС («ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы) мен «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) «Газ бөлу кешені» (ГБК) жобасын іске асыру үшін қажетті келісімдердің Негізгі шарттарына (Негізгі шарттар) қол қойды. Бұл туралы компания баспасөз қызметі хабарлады.
Газ бөлу кешені құрылысын Теңіз кен орнының аумағында жүзеге асыру көзделіп отыр. ГБК – полиэтилен өндіру зауытында (Полиэтилен жобасы) шикізат ретінде пайдаланылатын этанды шығаруға арналған инфрақұрылымды объект.
Негізгі шарттар ГБК жобасын іске асырудың базалық параметрлерін, ТШО-ның KMG PetroChem компаниясына құрғақ газды жеткізуі мен техникалық қызмет көрсету бойынша алдын ала шарттарды және объектіні салу мен пайдалану кезеңінде үйлестіру бойынша басқа да мәселелерд...