Фото: kursiv.media
Мәжілістегі «Ауыл» партиясы фракциясының депутаттары ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді салықтар мен төлемдердің барлық түрлерінен босатуды ұсынды.
Олар депутаттық сауалды премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдады.
Мәжіліс депутаты Қарақат Әбден ауылдар бос қалмауы үшін ауыл шаруашылығының дамуына баса көңіл бөлу қажет екенін айтты.
«Ауыл шаруашылығын дамытудың бірден-бір жолы – ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге қолдау көрсету. Бұның барлығы түптеп келгенде еліміздегі ең өзекті мәселелердің бірі – азық-түлік тауарларының қымбаттауына әкеп соғып жатыр», – деді Қарақат Әбден.
Соған байланысты «Ауыл» партиясының фракциясы ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді салықтар мен төлемдердің барлық түрлерінен босатуды ұсынды.
«Оның ішінде...