Фото: shutterstock.com
Сәуірдің аяғында қытайлық Tencent Cloud компаниясы Deepfakes-as-a-Service (DFaaS) дижитал платформасын іске қосты. Адамның цифрлық көшірмесін өте дәл жасап береді. Ол үшін бар болғаны 100 шақты сөз айтып, үш минуттық видеоңызды жүктеуіңіз керек. Жалпы дипфейк технология қалай жұмыс істейді? Одан қандай қауіп төнеді? Бүгінгі материалымызда осы туралы айтамыз.
Дипфейк технология деген не?
Осыдан он шақты жыл бұрын дижитал көшірме туралы елестетудің өзі қиын еді. Өйткені көшірме жасау үшін технология емес, грим мен маскалар қолданылады. Соның өзінде барынша шынайы ұқсату қиын еді. Ал технология дамыған сайын дижитал егізіңізді жасау жеңілдеді. Сонда дипфейк деген не? Дипфейк — жасанды медиаконтент (аудио...