Фото: shutterstock.com
Қаржы министрлігі «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамы, «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ және жергілікті бюджеттерге инвестициялық жобаларды қаржыландыру үшін берілетін несие шарттарын бекітпек. Жалпы сомасы 186,3 млрд теңге бюджеттік кредит беру жоспарланған. Қаржы министрлігінің қаулысы «Ашық НҚА» порталында жарияланған.
«Бәйтерек» ҰБХ
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» акционерлік қоғамына 34,4 бюджеттік кредит беріледі. Оның 20 млрд теңгесі – «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ-на, 14,4 млрд теңгесі «Өнеркәсіпті дамыту қорына» несие ретінде бөлінеді.
«Бюджеттік кредит «2023 – 2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңында 036 «Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялы...