Елімізде жеңілдетілген мемлекеттік тұрғын үй алуға кезекте тұрған 636,6 мың адам бар. соған байланысты Мәжіліс депутаты Гауһар Танашева көпбалалы отбасылар үшін бастапқы жарнасыз баспана алудың баламалы тетігін қарастыруды ұсынды.
Ол депутаттық сауалын премьер-министр Әлихан Смайыловқа жолдады.
Депутаттың айутынша, еліміздегі кез келген отбасы үшін ең маңызды мәселелердің бірі – баспаналы болу.
«Қазір Қазақстанда жеңілдетілген мемлекеттік тұрғын үй алуға кезекте тұрған 636,6 мың адам бар. Оның 415,7 мыңы халықтың әлеуметтік осал топтары санатына жатады. Олардың ішінде І және ІІ топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар, ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар, қарт зейнеткерлер, жетім балалар, көпбалалы отбасылар бар», – дед...