Фото: kursiv.media
Қазақстанда мемлекеттік бағдарлама аясында микро, шағын және орта бизнесті жеңілдетілген несиелеуге арналған онлайн платформа іске қосылды. Жобаны әзірлеген мамандар несие алу мерзімі қысқарғанын, палтформа арқылы бір тәулік ішінде несие алуға болатынын айтады. Бұл өз кезегінде банктің несие берудегі операциялық шығындарын 10 есеге қысқартады.
Жобаны Freedom Holding Corp және «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры таныстырды.
«Біз «Дамумен» бірлесіп, шағын және орта кәсіпкерлерге әлемдегі ең төмен мөлшерлемемен (7%) несие беруге мүмкіндік беретін бизнес-процесті құрып шықтық. Бұл жобаға өткен жылдың күзінде кірістік. Сол кезде біз үшін кәсіпкерлерді несиелендіру идеясының өзі қызық әрі күрделі көрінген. Қазіргі таңда біз...