Фото: ERG баспасөз қызметі
ERG компаниясы қытайлық BaoWu Resources және Power Construction Corporation of China компанияларымен 2 келісімшарт жасасты. BaoWu Resources-пен жасалған меморандум Рудный қаласында ыстық брикеттелген темір өндірісін дамытуды көздейді. Кәсіпорынның жоспарлы жылдық қуаты – 2,5 млн тонна ыстық брикеттелген темір. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлайды.
Сондай-ақ, ERG мен Power China Группа компаниясы да стратегиялық серіктестік туралы келісімшарт жасасты. Тараптар электр энергиясын өндіру саласында әріптесе жұмыс істемек.
Бұл келісімдер ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына мемлекеттік сапары аясында жасалған.
ERG бұған дейін де қытайлық компаниялармен серіктесе отырып, индустриалды жобаларды іске асырған болатын. Атап айтқанда...