2020 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізуші куәліктерін заңсыз беруге және шетелдік автомобильдерді есепке қоюға байланысты 18 қылмыстық істі тергеді. Бұл туралы Антикор хабарлады.
Бұл істер бойынша жүргізуші куәлігін беру кезінде 60 мыңға жуық заңсыз іс-әрекет жасалды, ал заңсыз әкелінген 2 мыңнан астам автокөлік есепке қойылды.
Қылмыстар Астана, Шымкент қалаларында, Ақмола, Қостанай және Жамбыл облыстарында жасалды. 13 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.
Елордада көзделген алымдар мен төлемдерді төлемей, шетелден әкелінген автокөліктерді тіркеу есебіне заңсыз қоюмен айналысатын Арнайы ХҚКО қызметкерлері мен азаматтық тұлғалардан тұратын ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды.
Қылмыстық топ азаматтарды шетелдік автокөліктерді есепке қоюдың заңдылығына қатысты алдау жолымен, оларды...