2022 жылы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм комитетінің нәтижелі жұмысының арқасында 7 елге 10 жаңа әуе бағыты ашылды. Бұл туралы ҚР МСМ Баспасөз қызметі хабарлады.
Енді қазақстандықтар Милан (Италия), Ираклион (Грекия), Нячанг (Вьетнам), Кувейт (Кувейт), Анкара (Түркия), Маэ аралы (Сейшел аралдары) мен Түменге (Ресей) тікелей қатынай алады.
Жаңа бағыттардың ашылуы елге шетелдік туристердің көптеп келуіне де оң әсер етті.
Мысалы, өткен жылы Қазақстанға келген шетелдік туристер саны өткен жылмен салыстырғанда 3 есеге артты.
«Қазір Туризм комитеті жаңа әуе бағыттарын ашу бойынша жұмыс істеп жатыр. Ұйымдастыру шаралары аяқталған кезде біз жұртшылықты хабардар етеміз. Тікелей рейстердің ашылуы еліміздің туристік тартымдылығын арттыратыны сөзсіз. Мысалы...