Адамды ортасына қарап оңай тануға болады. Сондықтан кіммен араласатыныңызға назар салып қойғаныңыз жөн. Әсіресе, айналаңызда жағымсыз энергия таратып, үнемі негатив арқалап жүретіндерден барынша алшақтаған дұрыс. Ақпарат ағыны көп, әлеуметтік мәселе аз емес заманда өмір сүруді жеңілдетуге тырысқаныңыз өзіңізге жақсы. Сондықтан жан-жағыңызды жағымсыз адамдардан тазартып, фильтрлеген сайын өзіңізге көмектескен боласыз. Ал енді негатив энергетикасы бар адамдар деп кімдерді айтады? Назарыңызға жеті түрлі типажды ұсынамыз. Ондай таныс әркімде бар деп ойлаймыз.
Әр нәрсеге көңілі толмайтын, өмірі қабағы қатулы жүретін дос сізде де бар шығар?! Олар көбіне жақсылықты көрмейді, жамандықты еселеп айтып үйреніп қалған. Жанында жүрген жарты сағаттың өзінде миыңыз ашып, еңсеңіз...