«Қазақстан халқына» қорының әрбір жобасын немесе бағдарламасын жүзеге асырып жатқан серіктесі бар. «Ауылдық жерлердегі мектептерді әлеуетін дамыту» жобасында «Білім беруді тұрақты дамыту қоры» осындай серіктес болып табылады. Бұл қоғамдық қор 2019 жылдан бастап жеке қаражат есебінен ауыл мектептеріндегі білім сапасын арттыруды бастады.
«Ауылдағы мектептердің әлеуетін дамыту» жобасы «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қазіргі 11 жобасы мен бағдарламасының бірі болып табылады. Бағдарлама бюджеті 4,25 млрд теңгені құрайды. Бұл ақшаның не үшін жұмсалатынын және қалай қамтамасыз етілгенін айтып береміз.
Бұл жобаның мақсаты – еліміздің ең мықты мектептерімен тығыз серіктестікте ауыл мектептерін дамытудың тиімділігін арттыру. Сондай-ақ аумақтық және әлеуметтік-экономикалық сипаттамалар бойынша білім сапасын арттыру. Материалдық-техникалы...