Қазақстанда әлеуметтік төлемдер бойынша ең танымал сұраулардың бірі – жүктілік және босану бойынша жәрдемақыларды ресімдеу және оны алу жолы. Бұл мәселе, әсіресе, отбасыда бірінші бала дүниеге келгенде өзекті.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері жөніндегі байланыс орталығына осыған байланысты көп сұрақ келіп түседі. Бұл мәселе бойынша көрсетілген қызметтің үлесі зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша барлық өтініштің шамамен 20 пайызы болады.
Бұл мәселе бойынша өңірлер арасында Алматы (13,7%) көш бастап тұр, ары қарай тізімді Түркістан (11,5%), Маңғыстау (9,7%) және Алматы облысы (9,6%) жалғайды, үздік бестікті Нұр-Сұлтан қаласы (9,2%) бекітеді. Ал Солтүстік Қазақстан (0,7%), Қостанай (2,2%) және Павлодар...