Қор нарығында бағалы қағаздармен сауда жасамас бұрын инвестициялық шот ашу керек. Мұны қалай жасауға болады және инвестордың не нәрсеге назар аударуы керек екені туралы Fingramota.kz айтып береді.
Қазақстанда бөлшек инвесторлар қор биржасында лицензиясы бар делдалдар – брокерлер мен дилерлер арқылы ғана сауда жасай алады. Бұлар клиенттің атынан бағалы қағаздармен мәмілелер жасайтын және сауда-саттыққа тікелей қол жеткізе алатын бағалы қағаздар нарығының кәсіби қатысушылары.
Инвестициялық делдалдардың қызметін ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің атынан уәкілетті орган реттейді. Қаржы реттеушісінің www.gov.kz сайтында бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың лицензиясының болуын тексеруге болады. Егер лицензия бар болса, ол...