2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда цифрлық майнинг үшін төлемақы ставкасының прогрессивті шкаласы қолданылатын болады. Ставканың өзгеруі тұтынылған электр энергиясы бағасының құнына байланысты. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады.
2022 жылғы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының Салық кодексіне цифрлық майнинг үшін төлемақы ставкасының өсуін көздейтін түзетулерге қол қойылды (№ 135-VII ҚРЗ).
Салық кодексінің 606-3-бабының жаңа редакциясына сәйкес, цифрлық майнинг үшін төлемақының мөлшері электр энергиясының 1 киловатт-сағаты құнына байланысты болады. Арзан бағада электр энергиясын қолданған кезде төлемақының ставкасы жоғары, яғни 25 теңге болады.
Егер, керісінше, қолданған электр энергиясы қымбат бағада, яғни 24 теңгеден жоғары болса, төлемақы ставкасы төмен болады, яғни...