Кредит алған соң, оны уақытылы төлеп отыру керек. Өйткені төлемесеңіз, мәселелер туындайды. Төлем жасап отыруға, кешіктірген жағдайда айыппұл төлеуге келісімшартта келісіп, қол қойғаныңызды ұмытпаңыз. Кешіктіргеніңіз кредит тарихыңызды құртады. Яғни бұл сіздің клиент ретінде беделіңізді түсіреді. Алдағы уақытта банктерден қарыз ала алмауыңызға себеп болуы мүмкін. Кейде банктерұзақ уақыт бойы кредит төлемей жүрген адамдардан қарызды қайтару үшін коллекторларға жүгінеді. Олар кімдер, қандай құқықтары бар? Сіздің қандай құқығыыз бар? Осы туралы айтамыз.
Егер сіз кредитіңіз бойынша қарызыңызды төлемей жүрсеңіз, банк әр кешіктірген күнге қарыздың жалпы сомасының 0,5 пайызы болатын сомаға айыппұл салуға құқылы. Ал кешіктіру мерзімі 90 күннен асып кеткен соң айыппұл мөлшер...