Өзбекстанның Қазақстан мен Ресейден айырмашылығы – олар тауар таңбалау нарығына шетелдік компанияларды тартты. Ұлттық штрих-код операторы етіп CRPT Turon бірлескен кәсіпорнын құрды. Аталмыш компанияның бір бөлігі ресейлік миллиардер Әлішер Усманов басқаратын USM Holding-ке тиесілі. Осы ретте «Курсив» CRPT Turon тауар таңбалаудан қанша табыс таба алатынын есептеп көрді.
Көмекке шетелдіктер келді
Өзбекстан билігі тауар таңбалауды енгізбес бұрын, 2019 жылы ресейлік тәжірибені зерттеген. Ал Ресейдегі цифрлық тауар таңбалау мен қадағалау бірыңғай ұлттық жүйесінің операторы – «Перспективті технологияларды дамыту орталығы» (CRPT).
Оның Өзбекстандағы еншілес кәсіпорны – CRPT Turon LLC Өзбекстан Республикасында пилоттық таңбалау жобасын іске қосқан. Содан кейін кәсіпорын таңбалау жүйесін...