Жолдардың проблемасы бұған дейін де айтылып келді. Бұдан кейін де айтыла беретін секілді. Алысқа бармай-ақ, еліміздің ең ірі екі шаһары – Нұр-Сұлтан мен Алматы арасындағы тасжолдың сын көтермес сапасын мысалға келтірсек жеткілікті шығар. Тап қазір елдегі автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 96 мың шақырым болса, соның 25 мыңы – республикалық маңызы бар жолдар, 71 мыңы – облыстық және аудандық маңызы бар жолдар екен.
Жақында министрлер кабинеті осы мәселеге назар аударды.
Премьер-министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, соңғы бірнеше жылда 2000 шақырымнан астам жол ақылы жүйеге көшірілген. Бірақ осы жолдарды күтіп ұстау сапасы көңіл көншітерліктей емес деген Смайылов «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ-ға жол қауіпсіздігіне қатысты...