АҚШ-тағы макроэкономикалық деректердің шығуы салдарынан
2022 жылғы 6-13 мамыр аралығында сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды. Бұл тураы ҚР Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.
АҚШ-тағы макроэкономикалық деректердің шығуы дамушы нарықтардың валюталарына қысым жасады. АҚШ-тың ауыл шаруашылығына жатпайтын секторындағы жұмыс орындарының саны сәуірде 428 мыңға (сарапшылар күткеннен жоғары) өсті, бұл еңбек нарығының кеңейіп келе жатқанын көрсетеді. Сәуірдің қорытындысы бойынша АҚШ-тағы инфляция талдаушылардың болжамдарынан да жоғары болып, жылдық мәнде 8,3%-ға жетті. АҚШ ФРЖ Төрағасы реттеушінің инфляцияны 2% таргетке қайтару үшін нақты әрекетке баратыны жөнінде мәлімдеді, алайда оны 75 б.т. арттыру мәселесі қазіргі уақытта қарастырылып отырған жоқ.
Бұл факторлар дамушы...