Бірнеше отандық кәсіпорынның өндіріс қуаттылығын айтарлықтай күшейткені байқалады
2022 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша елімізде түсті металлургия саласындағы өндіріс көлемі 6,1 пайызға артты. Бірнеше отандық кәсіпорынның өндіріс қуаттылығын айтарлықтай күшейткені байқалады. Бұл туралы ҚР ИИДМ баспасөз қызметі хабарлады.
Мәселен, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өндірістік алаңдарында кенді өндіру мен өңдеуді арттыру бойынша стратегиялық жоспарды жүзеге асыруда. Осы жылдың алғашқы тоқсанында тазартылған мыс шығару үлесін 10 пайызға, құйма алтынды 7 пайызға және түйіршіктелген күміс өндірісін 1 пайызға ұлғайтты.
Ал, осы кезең аралығында мырыш, қорғасын, мыс және бағалы металдар өндіруші отандық «Қазмырыш» металлургиялық компаниясы да оң нәтижелерге қол жеткізді. Мәселен, кәсіпорын катодты...