Сыртқы валюта нарығында бірқатар маңызды оқиға болды
Дамушы нарықтарда валюталардың динамикасы әртүрлі бағытта өрбіді. Бұл туралы ҚР Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.
4 мамырда АҚШ ФРЖ Орталық банктің мөлшерлемені болжанған көрсеткіштен де арттыратыны туралы қаупін әлсіретіп, пайыздық мөлшерлемені 2000 жылдан бері алғаш рет 50 б.т. арттырды. Қытайда COVID-19 қайта өршуімен күресу шараларынан туындаған жеткізілім тізбегіндегі проблемалар аясында тұтыну бағасының өсуі байқалады (сәуірде CPI индексі жылдық мәнде 2,1%-ға өсті).
Дамушы елдерде АҚШ долларына қатысты валюталар бағамыныңсерпіні төмендегідей қалыптасты:
Ресей рублі күшті сауда сальдосы, өспелі мұнай және күрделі операцияларға қойылған шектеулер аясында 8%-ға (75,45-тен 69,4-ке дейін) нығайды. Сондай-ақ, РФ Орталы...