Ұлттық экономика министрлігі арнайы салық режимін қолданушылар тізімін талқылауға шығарды. 1111 кәсіп түрінің 795-і салық жеңілдігін пайдалана алмайды. Жоба Ашық НҚА порталында жарияланды. Бұл туралы Kursiv.Media хабарлайды.
Министрлік жаңа Салық кодексі аясында үкімет қаулыларының жобасын ұсынды. Талқылауға екі құжат шығарылды:
жеңілдетілген декларация негізінде арнаулы салық режимін (АСР) қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерінің тізбесі; өзін-өзі жұмыспен қамтығандар үшін АСР қолдануға рұқсат етілген қызмет түрлерінің тізімі.Тыйым салу тізімі
Салық жеңілдігін пайдалана алмайтындар:
табысы жылына 600 мың АЕК-тен (2, 359 млрд теңге) асатын бизнес субъектілері; басқа компаниялардың үлесі 25%-дан асатын заңды тұлғалар; құрылтайшылары немесе қатысушылары бір мезгілде, АСР-дег...