Астанада аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімше командирі, 3-сыныпты сержант Рауан Әбілханов бес күнде 600 шақырымды еңсеруді мақсат етіп отыр.
Жүгіру бағыты: Астана – Көкшетау – Астана. Марафон «Көктал» саябағынан басталып, Қорғаныс министрлігінің ғимараты алдында мәреге жетпек. Күн сайын спортшы 120 шақырымнан жүгіріп, әр 40 шақырым сайын демалуды жоспарлаған.
«Оған дайындық үшін екі ай бердік. Осы уақыт ішінде Рауан күн сайын 40 шақырымнан артық жүгіріп отырды», – деді елорда аумақтық қорғаныс бригадасының командирі, полковник Омар Орынбаев.
Әбілханов бұл ерекше сынақты Республика күніне арнап отыр. Бұдан бөлек, ол алдағы уақытта Қарағанды тас жолы арқылы Балқашқа дейінгі 1000 шақырымды...