2025 жылдың 24 қыркүйегінде Париж қаласындағы ЮНЕСКО штаб-пәтерінде қазақтың ұлы күйші-композиторы, дирижер, «Отырар сазы» оркестрінің негізін қалаушы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Ғасыр әуендері: Тілендиевке тағзым» атты мерекелік концерт өтті.
Бұл мерейтой ЮНЕСКО-ның халықаралық деңгейде аталып өтетін атаулы күндер тізіміне енген.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева, дипломатиялық корпус пен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қатысты.
«Бүгін Париж төрінде, ЮНЕСКО-ның мәртебелі штаб-пәтерінде қазақ халқының ұлы композиторы Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығы жоғары деңгейде тойлануда. Қазақ музыкасы мен өнерінің ЮНЕСКО аясында лайықты бағалануы – мемлекетіміз үшін үлкен мәртебе. Нұрғиса Тілендиевтің шығармалары – қазақ халқының рухани...