Сингапурды әлемдегі ең бай мемлекеттің қатарына кіргізген құралдың бірі – елдің жинақ жүйесі. Central Provident Fund (CPF) немесе Орталық жинақ қоры деп аталатын модельді экономистер ең бірегей әрі тиімді жүйе деп санайды. Азаматтардың 90%-на баспана алуға көмектескен жинақ жобасы және оның Қазақстаннан айырмашылығы жайлы Kursiv.media материалында.
Орталық жинақ қоры (CPF) 1955 жылдан бастап жұмыс істейді. Бүгінде сингапурлықтардың зейнетақысы, денсаулығы мен тұрғын үй қажеттіліктерін қамтамасыз ететін басты құрал. CPF-ке сарапшылар елдің экономикалық жетістігінің кілті деген баға береді.
CPF-тің жұмыс істеу әдісі:
Барлық жұмыс істейтін азамат жалақысының 20%-ын қорға аударады, ол заңмен міндеттелген. Жұмыс берушілер де қосымша жарна ретінде тағы...