Қазақстанда 2025 жылдың қаңтар-тамыз айларында 1,34 трлн теңге болатын 96 мыңнан астам автомобиль өндірілді.
Өндіріс көлемі өткен жылмен салыстырғанда 17,3%-ға артты.
20%-ға жоғары
ҚР Ұлттық статистика бюросының дерегінше, тамыз айында Қазақстандағы зауыттар жалпы құны 178,2 млрд теңге болатын 12 944 автомобиль құрастырды. Бұл көрсеткіш былтырғы кезеңмен салыстырғанда 20%-ға жоғары.
Жалпы сегіз айдың қорытындысы бойынша елде құны 1,34 трлн теңге болатын 96 203 автомобиль өндірілді. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 17,3%-ға өсім. Машина жасау саласында автоөнеркәсіптің үлесі – 40,6%.
Алғашқы партия конвейерден түсті
«Автоөнеркәсіп дамып келеді. Қазір бұл салада тоғыз өндіруші жұмыс істейд...