Албанияның ЖИ-министрі алғаш рет парламентте сөз сөйледі. Бірақ оның сөзі депутаттардың сынына ұшырады деп жазады жергілікті БАҚ.
Премьер-министр Эди Рама ЖИ министрді «Диелла» деп атап, үкімет ұстанып отырған ашықтық пен инновацияның символы ретінде таныстырды.
«Мен мұнда адамдарды алмастыру үшін емес, оларға көмектесу үшін келдім. Иә, менде азаматтық жоқ, бірақ менде жеке амбициялар мен мүдделер де жоқ», – деді бот парламентке жасаған үндеуінде.
Премьердің айтуынша, жасанды интеллект негізіндегі бұл бот үкіметтің жұмысын жеделдетіп, ашық жүргізуге көмектеседі. Жоба Албанияның Еуропалық одаққа кіруге дайындық барысында технологиялық жетістіктерін көрсету жоспарының бір бөлігі саналады. Ел 2030 жылға қарай ұйымға...