«Барселонаның» бұрынғы ойыншысы Александр Глеб «Реалмен» ойын алдында «Қайратқа» қолдау көрсетті. «Қорқатын түгі жоқ», – деді ол.
Спорт Шредингера ақпаратына қарағанда, «Барселона» мен «Арсеналда» ойнаған футболшы «Қайраттың» Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шығуын «тарихи жетістік» деп атады.
«Бұл – бүкіл Қазақстан үшін тамаша жеребе. Елімізге жұлдызды клубтар келеді. Үлкен ажиотаж болады. Ал футболшылар баға жетпес тәжірибе жинайды. Әлемдік гранд стадионына шығу – нағыз арман. Әр сәттен ләззат алсын деймін. «Қайратқа» тек өз ойынын көрсетіп, ешкімнен қорықпау керек. «Селтикті» жеңудің өзі – үлкен жетістік, – деді Глеб сұхбатында.
«Қайрат» шотландиялық «Селтикті» жеңіп, алғаш рет негізгі кезеңге...