Иорданияның Al Husseini Group корпорациясы 85 млн доллар көлемінде инвестиция құйып, Қазақстанда асыл тұқымды құс өсіруге ниетті. Бұл туралы Ауыл шаруашылық министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан–Иордания бизнес-форумы аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Иорданияның Al Husseini Group корпорациясы арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды», – делінген министрлік хабарламасында.
Құжатқа сәйкес, Қазақастан мен Иордания агроөнеркәсіптік кешен саласында ынтымақтастық орнатуды жоспарлап отыр. Келісім аясында шетел инвесторы Қазақстан аумағында құс өсіретін репродуктор салмақшы.
Корпорацияның ірі жобаға 85 млн доллар көлемінде инвестиция құятыны айтылған.
Министрлік Al Husseini Group-тың бұл жобалары негізінде елдің азық-түлік қауіпсіздігін...