Шымкент қалалық сотында қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке оқ атып, жаралаған қалалық тұрғын үй басқармасына қарасты «Тұрғын үй Шымкент» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бұрынғы директоры, 31 жастағы Ернар Жиембайдың ісі бойынша жарыссөз басталды. Прокурор Жиембайды 11 жыл 3 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын сұрады.
Прокурордың айтуынша, Жиембай адамның өміріне қол сұққан. 21 сәуір күні Берденовтің «өз еркімен арыз жазып кетсін» деген сөзін естіп оның адамды қасақана өлтіру ойы пайда болған. Осы ойын жүзеге асыру үшін аңшылық қаруын алып, қылмысқа дайындалған. Оқ-дәрілермен қаруды тексеріп түнде қала әкімдігінің алдында Берденовке 5 рет оқ атып, жарақаттар салған. Соңында оқтың таусылуына байланысты, ойын жүзеге...