Нұртас Адамбай Mercedes-Benz GLE Coupe 53 AMG көлігін сатуға шығарды. Актер оның бағасын 58 000 000 теңге деп көрсеткен.
Cатылымға шығарылған автокөліктің жылы – 2021. Жарнамасы Қазақстанда көлік саудасын қыздырып отырған kolesa.kz сайтына жарияланды.
«Көлік мінсіз техникалық және эстетикалық жағдайда. 2022 жылы Германиядан жаңа күйінде әкелінген. Бір ғана иесі болған. Жүрісі – 8 500 шақырым», – деп Нұртас Адамбай Mercedes-Benz көлігінің жай-күйіне сипаттама қалдырған.
Mercedes-Benz ең толық комплектацияда. Барлық көмекші жүйелер мен ассистенттер орнатылған. Кеңейтілген былғары пакетті. Яғни, есіктерінің карталары, панель түгел былғарымен қапталған. Төбесі – алькантара.
AMG тежеу жүйесі бар...