Бүгін, 10 тамыз, Алматы әкімі Дархан Сатыбалды қазақтың ұлы ақыны, философы және ағартушысы Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына орай Абай ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Әкім алматылықтарды және қала қонақтарын мерейтоймен құттықтап, Абай мұрасының мән-маңызына тоқталды.
Дархан Сатыбалдының айтуынша, Абайдың шығармалары – даналықтың, адамгершіліктің және Отанға деген сүйіспеншіліктің сарқылмас қайнары.
«Бұл күн тек еске алу ғана емес, оның мол рухани мұрасынан тағылым алып, ұрпақ санасына сіңірудің сәті. Абайдың асыл сөздері бізді елдікке, әділдікке, білім мен өнерге ұмтылуға шақырады», – деді қала басшысы.
Іс-шараға қазақ өнері мен ғылымының көрнекті өкілдері – КСРО және Қазақстанның халы...